Төлем ережелері
Төлем туралы хабарлама төлем кезеңі басталғанға дейін бес күн бұрын ай сайын email-ге жіберіледі. Төлем «Банк ЦентрКредит» АҚ төлем қызметі арқылы Visa, MasterCard халықаралық жүйелерінің банк карталарын пайдалана отырып және Apple Pay, Samsung Pay сервистері арқылы жүзеге асырылады.
Төлем жасау қауіпсіздігі TLS қорғалған хаттамасы бойынша деректерді тексеру мен шифрлаудың қазіргі заманғы әдістерімен қамтамасыз етіледі. Банк картасының деректерін енгізу банктің қорғалған авторизациялық бетінде жүзеге асырылады.
Біржолғы төлемдерді жүзеге асыру тәртібі:
Бір реттік төлем жасау үшін email-ге жіберілген хаттағы сілтеме бойынша өтіңіз. Жүйе банк картасының деректемелерін енгізу үшін төлем қызметінің бетіне автоматты түрде жібереді: нөмірі; ұстаушының аты; жарамдылық мерзімі; қауіпсіздік коды (Visa үшін CVV2, MasterCard үшін CVC2). Егер карта 3D Secure технологиясын қолдаса, жүйе қауіпсіздік кодын енгізу үшін эмитент банктің бетіне жібереді.
Apple Pay қызметі арқылы төлем аутентификациядан өткеннен кейін Wallet қосымшасында жүзеге асырылады. Samsung Pay қызметін пайдаланып төлем жасаған кезде «Samsung Pay төлеу» түймесін басып, Samsung Account енгізіп, смартфоннан сатып алуды растау қажет (саусақ ізі, көздің нұрлы қабығы немесе Samsung Pay PIN коды бойынша).
Тұрақты (рекуррентті) төлемдерді ресімдеу тәртібі:
Тұрақты төлемдер жасау үшін email-ге жіберілген хаттағы сілтеме бойынша өтіңіз. Жария лицензиялық шарттың талаптарымен танысыңыз және тиісті өріске құсбелгі қою арқылы тұрақты төлемдерді қосуға келісіңіз. Тұрақты төлемдерді қосқаннан кейін банк картасынан автоматты түрде, яғни қосымша растаусыз, қосылған кезде белгіленген шарттарда төлемдер жүзеге асырылады. Келесі есептен шығару күні туралы ақпарат төлем жасалғанға дейін бір күн бұрын email-ге жіберіледі.
Тұрақты (рекуррентті) төлемдерді жою тәртібі:
Тұрақты төлемдерді кез келген уақытта жоюға болады. Ол үшін өтінішті толтырып, оны электрондық поштаға жіберу керек: payments@rise.rest.
Ұсынылған жеке ақпарат (мысалы: аты, мекенжайы, телефоны, email, банк картасының нөмірі және т.б.) құпия болып табылады және жария етуге жатпайды. Банк картасының деректері тек шифрланған түрде беріледі және «rise.rest» жүйесінде сақталмайды.
Қайтару ережелері
Лицензияның және (немесе) Шарттың қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Шартта тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Лицензиялық сыйақы қайта есептеуге және қайтаруға жатпайды. Мұндай жағдайларда қайтару төлем жүргізілген нысанда жүзеге асырылады. Қайтару тәртібі төлем жүйелерінің ережелерімен реттеледі.
Банктік төлем картасына ақша қаражатын қайтару үшін Ақша қаражатын қайтару туралы өтінішті толтырып, оны email: payments@rise.rest жіберу қажет
Қателермен жүргізілген операциялар бойынша ақшалай қаражатты қайтару үшін Ақшалай қаражатты қайтару туралы өтінішті толтырып, қате есептен шығарылғанын растайтын чек/түбіртек қоса беріліп, оны email: payments@rise.rest жіберу қажет
Ақша қаражатын қайтару Интернет-ресурс арқылы ақша қаражатын қайтару туралы өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде банктік төлем картасына жүзеге асырылады. Қайтару сомасы төлем сомасына тең.